Шекара шебіне енді келісім-шартпен жұмыс істейтін әскерилер ғана жіберілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекара шебіне енді келісім-шартпен жұмыс істейтін әскерилер ғана жіберілетін болады

Шекара шебіне енді келісім-шартпен жұмыс істейтін әскерилер ғана жіберілетін болады

Шекара шебіне енді әскерге жаңа келген сарбаздар жіберілмейтін болады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бұдан былай алыс бекеттер мен заставаларға тек келісім-шартпен жұмыс істейтін әскерилерді аттандыруды жоспарлап отыр. 

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz


Әсіресе еліміздің Қытаймен шекаралас аумағындағы «Шығыс» шекара аймағына ерекше көңіл бөлініп, мұндағы заставаларды тек тәжірибелі жауынгерлер күзетпек. Егер, бүгінде мемлекеттік шекарадағы қызметкерлердің 40 пайзын әлі оңы мен солын танып үлгермеген жас сарбаздар құрайтынын ескерсек, болашақта Терісайрық пен Арқанкерген оқиғасының қайталануы әбден мүмкін деп қауіптенген шенділер шекара шебіне тек шыныққан шымыр жігіттерді жинау арқылы қателікті қайталамаймыз деп отыр.