Жарияланды: 600

Шекара жасақтары прокуратурасының пайымдауынша, Қарулы күштер құрамындағы құқық қорғау мекемелері бар күш-жігерін қылмыстың алдын алуға бағыттауы тиіс

Шекара жасақтары прокуратурасының пайымдауынша, Қарулы күштердегі құқық қорғау мекемелері бар күш-жігерін қылмыстың алдын алуға, экономикалық қылмыстармен күреске, әскери қызметкерлердің жеке мүддесін қорғауға бағыттауы тиіс. Бүгін , 26-желтоқсанда Алматыда өткен әскери басқару және қылмыстық қуғындау органдарының үйлестіру кеңесінде ҚР шекара жасағының әскери прокуроры Болат Тазабеков осындай пікір білдірді.

Әскери прокуратураның мәліметіне сәйкес, 2003-жылы Қарулы күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайы жақсарып, әскерилердің жалақысы артуына байланысты әскерге мерзімді шақырылғандар жасайтын қылмыстар саны, соның ішінде әскери қылмыстар азайды. Мәселен, әскерден қашу және әскери әлімжеттік әрекеттерге байланысты қылмыстар саны 30 проценттей азайды. Ауыр қылмыстар мен әскери борышына немқұрайды қарау оқиғалары да екі есе кеміді. Алайда, офицерлер мен әскери борышын шартпен өтейтін сержанттар жасаған қылмыстар саны артып отыр. 2003-жыл бойғы экономикалық қылмыстардың өсімі 600 процентті құрады. Мемлекетке келген 10 млн. теңгенің шығыны өтелді. Прокурор тексеруінің нәтижесінде 80 заңсыз құқықтық актілер алып тасталды. Б.Тазабековтың пікірінше, бұл көрсеткіштер офицерлер арасындағы қылмыстың артқанын емес, прокуратураның бұл салаға артықша назар аудару мүмкіндігіне ие болғанын айғақтайды. Прокурорлардың пікірінше, әскердегі әлімжеттік әрекеттерді тыю үшін бүгінде әскерге мерзімді шақырылғандар оқу лагерінен шықпай тұрып профилактикалық жұмыстар жүргізудің тиімділігі артты. Осы мерзімде олар әскери қызметкердің құқықтық мәртебесі, оның құқығы мен міндеттері, командирлермен және қызметтестермен қарым-қатынас, дау-дамайларды заң жүзінде шешу жолдары тәрізді салаларды қамтитын қысқаша құқықтық дәрістен өтуі тиіс. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін бөлімшедегі тәрбиеші-офицерлердің есебінен прокурорлардың көмекшілерін жасақтау қажет. Прокуратура тарапынан қазір әскерде жарақат алу көріністерін азайту - маңызды жұмыс бағыттарының бірі болып саналады. Б.Тазабековтың айтуынша, аталмыш жұмыс бойынша жауапкершілікті ҚР Қарулы күштерінің қолбасшылары жүктеуі тиіс. Өйткені, жасақ құрамының жаттығуларды өткізудегі қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ете алмайтын тікелей солар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін