Жарияланды: 370

Шекарада енді жемқорлыққа қатысты шу шықты

Шекарада енді жемқорлыққа қатысты үлкен шу шықты. Бүгін «Батыс» аймақтық басқармасының бастығы Әбдіразақ Ілиясовтың қолына кісен салынды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаменті, генерал-майор қызмет бабын асыра пайдаланды және пара алған деп күдіктеніп отыр. Сондықтан ірі шендінің үстінен қылмыстық іс қозғап темір торға тоғытты. Батыстағы шекара шебіне жауапты қолбасшы Әбдіразақ Ілиясовпен бірге оның  қарамағындағы бірнеше лауазымды әскерилерге қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Қазір олардан тергеушілер жауап алуда. Бірақ істің мән-жайы ашып айтылмады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін