Қырғызстан азаматы қазақ-қырғыз шекарасы арқылы ірі көлемде героин алып өтпек болған, деп хабарлайды Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Бішкек-Мәскеу пойызының елу жастағы жолаушысының сөмкесінен екі килограмм героин табылыпты. Есірткіні Мерке станциясында қызметтік ит тапты.
Істі тергеумен полиция айналысады.