Caravan Logo

Шекарада тағы да жанжал. Тәжік және қырғыз азаматы жараланды

Шекарада тағы да жанжал. Тәжік және қырғыз азаматы жараланды

Екі елдің шекара қызметінің мәліметінше, жараланғандардың жағдайы бірқалыпты. Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға Уч-Добо ауылы тұрғынының жеріне қоршау орнатуы себеп болған екен. Бұл аймақтың әлі қай мемлекетке жататыны ресми шешілмегендіктен, аталған жерге кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.

"Қырғызстан азаматы ескертуге құлақ аспаған. Бұл Тәжікстанның Хожа-Аъло ауылы тұрғындарының ашуын туғызған. Екі тараптан 50 шақты адам сөз таластырып, соңы бір-бірлеріне тас лақтыруға дейін барған", - деп хабарлайды Қырғызстан және Тәжікстанның шекара қызметі.

Жанжал жарты сағаттан кейін тоқтаған. Жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарымен кездескен.

Әлеуметтік желілерде жанжалдың бейне жазбасы пайда болды. Ол жерде тараптардың бір-бірлеріне тас лақтырып жатқанын көруге болады.


Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара ұзындығы 971 шақырымды құрайды. Оның 519 шақырымы қай елге жататыны шешілмеген. Екі елдің шекарасында 70-ке жуық даулы учаске бар.

 

Оқи отырыңыз: 

Ақтөбеде сүт пен шетелден әкелінетін құс етінен ішек таяқшасы анықталды
Франция сахнасында Тамара Асардың ұлы домбыра тартты