Шекарадан 22 келі героин асырмақ болған екі қырғыз азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарадан 22 келі героин асырмақ болған екі қырғыз азаматы ұсталды

Шекарадан 22 келі героин асырмақ болған екі қырғыз азаматы ұсталды

ҚР ҰҚК ШҚ Оңтүстік өңірлік басқармасына қарасты Қордай шекара отрядының (Жамбыл облысы) «Қордай авто» шекаралық бақылау бөлімі тағы да ірі көлемді есірткі тасымалының жолын кесті.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz


Қыркүйектің 21 күні сағат 16.00-де «Қордай авто» шекаралық бақылау бөлімінің шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен Қырғыз Республикасынан ГАЗ-3110 автокөлігімен елімізге қарай келе жатқан екі Қырғызстан азаматын ұстады, деп жазады shekaraknb.kz.

Қызметтік иттің берген белгісінен кейін автокөлікті тереңдете тексеру барысында артқы екі дөңгелектің үстіндегі қуысқа жасырылған, 45 брикетке салынған, спецификалық иісі бар, ақшыл сары түсті ұнтақ зат табылды. Жалпы салмағы 22 килограмға жуық (21 кг 923 гр 092 млгр) тартқан ұнтақ героин есірткісі болып шықты. Автокөліктің иесі 1962 жылы туған Хабдрасул деген азамат, ал жүргізуші 1967 жылғы Жұбанычбек.

Соңғы жаңалықтар