Шекарадан 8 тонна жұмсақ ойыншық алып өтпек болған азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарадан 8 тонна жұмсақ ойыншық алып өтпек болған азамат ұсталды

Шекарадан 8 тонна жұмсақ ойыншық алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасында халық тұтынатын тауарлар мен жұмсақ ойыншықтардың ірі партиясын шетелге алып өтпек болғандар ұсталды.

  • 8 Қаңтар 2018
  • 142
Фото - Caravan.kz

Қостанай шекара отряды «Қайрақ авто» өткізу пунктінің шекарашылары бір тәулік ішінде 18 тонна халық тұтынатын тауар мен 8 тонна жұмсақ ойыншықты алып өтпекші болғандарға кедергі жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халық тұтынатын тауарлар Қазақстаннан Ресейге бағыт алған мерседес жүк көлігінің ішінен табылды. Аталған көліктің жүргізушісі — 60 жастағы қазақстандық азамат. Осы күні ешқандай құжатсыз жұмсақ ойыншықтарды шекарадан алып өтпек болған 37 жастағы тағы бір Қазақстан азаматы ұсталды. Ол да «Скания» автомобилімен Қазақстаннан Ресейге бағыт алған болатын», — делінген хабарламада.

Аталған мәселеге қатысты құқық қорғау органдары хабарландырылды.


Соңғы жаңалықтар