Өзгертулерге сәйкес, жеке пайдаланатын заттардың саны төмендегі көрсеткіштерден аспауы тиіс:
Теріден жасалған бұйым (бас киім) – бір адамға бір өлшем, атау және үлгідегі 1 зат; Ұялы телефон – бір адамға 2 дана; Планшет – бір адамға 2 дана; Өзімен бірге алып жүретін компьютер (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 дана; Зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 зат; Велосипед – бір адамға 1 дана; Балалар арбасы – бір адамға 1 дана. Бұл көрсеткіштер бұрын пайдаланылған тауарларға қатысты қолданылмайды (жеке пайдалануға арналған көліктік құралды қоспағанда).