Шекарадан ұзындығы бір метр жыланды алып өтпек болған қытайлық азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарадан ұзындығы бір метр жыланды алып өтпек болған қытайлық азамат ұсталды

Шекарадан ұзындығы бір метр жыланды алып өтпек болған қытайлық азамат ұсталды

Қазақстан - Қытай арасындағы мемлекеттік шекарадан өтіп бара жатқан қытайлық азаматтың қалтасынан жылан табылды.

  • 5 Қазан 2016
  • 1241
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Нақтырақ айтар болсақ, Мақаншы шекара отрядына қарасты «Бақты» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 60 жастағы қытайлық азаматты шекаралық тексеруден өткізіп жатқан кезде оның қалтасынан ұзындығы бір метрге жуық жыланды тауып алды. Сарафан қапшыққа салынған өлі жылан қытайлық азаматтың үстіндегі костюмінің қалтасынан шыға келді.

Оны не мақсатпен алып бара жатқандығын тиісті орындар анықтайтын болады.


Соңғы жаңалықтар