Шекаралас аймақтардағы елді мекендерді Қазақстанның телеарналарымен толық қамтамасыз ету қажет - Мәжіліс депутаты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекаралас аймақтардағы елді мекендерді Қазақстанның телеарналарымен толық қамтамасыз ету қажет - Мәжіліс депутаты

Шекаралас аймақтардағы елді мекендерді Қазақстанның телеарналарымен толық қамтамасыз ету қажет - Мәжіліс депутаты

Бүгін Қазақстанда сандық телеарнаны енгізу мәселелері бойынша Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында еліміздің кейбір шекаралар аймақтарында Қазақстандық телеарналармен қамтылмаған елді мекендердің мәселесін шешу жайы көтерілді.

  • 8 Қараша 2012
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағашқа барғанымызда Қазақстанның телеарналары көрсетілмейді, тек қана Өзбекстанның каналдарын көріп отырған ахуалға куә болғанбыз. Осыған орай ең бірінші кезекте шекаралас аймақтардағы біздің елді мекендерімізді Қазақстанның арналарымен қамтамасыз етумен жұмыс жасауымыз қажет. Бұл жөнінде қашан шекаралас өңірлерде еліміздің телеарналары толық қамтылады»,- деп сұрады депутат Гүлнәр Сейітмағанбетова.

Өз кезегінде бұл сауалға жауап беру кезінде «ҚазТелерадио» АҚ Басқарма төрағасы Абай Қадырәлиев бұндай жағдай ОҚО-ның және солтүстік өңірлердегі кейбір шекаралас аймақтардағы шалғай немесе шағын елді мекендерге тән екендігін атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша алдағы жылдары бұл өңірлерді сандық телеарналармен қамту жұмыстары жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар