Жарияланды: 780

Шекарашы Челах соттағы соңғы сөзінен бас тартты, судья үкім дайындауда

Шекарашы Челах соттағы соңғы сөзінен бас тартты, судья үкім дайындауда

«Арқанкерген» бекетінде болған қанды қырғындағы он бес адамның өліміне кінәлі деп танылған шекарашы Владислав Челах соттағы соңғы сөзінен бас тартты.

Сот үкім әзірлеу үшін кеңес бөлмесіне кетті, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады. Үкім шығару уақыты туралы қосымша хабарланады. Бүгінгі сот отырысына В.Челахтың адвокаттары Жұмағайша Саржанова мен Серік Естияров қатысты. Адвокат Серік Сәрсенов сотқа келмеді. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы тарап сотқа С.Сәрсеновты адвокат ретінде әрі қарай жұмыс істей алмайтынын және оны лицензиясынан айыру туралы жеке қаулы шығарды. Зардап шеккендер де С.Сәрсеновтың соттағы қылығына наразы болып, оның үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады. Шекарашы Челах сот отырысына күштеп әкелінді. В.Челах мәжбүрлі түрде сот залына ікелінген кезде жұлқынып, боқтық сөздер айтқан. Қазіргі кезде ол сот залында қолы артына қайырылып, айыпкер орынтағында отыр. Судьяның жарыссөзге қатыс деген ұсынысына ол: «Мен қатыспаймын. Неге мені мұнда күштеп әкелдіңіздер? Мені шығарыңдар! Жарыссөзге қатысқым келмейді», деп орнынан тұрмақ болады, бірақ оны күзет тырп еткізбейді. Ол боқтық сөздер айтуда. Мемлекеттік айыптаушылар бұдан бұрын В.Челахты кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін