Шекарашы Челахқа қатысты сот процесі ашық түрде, алқа билердің қатысуымен өткізіледі - әскери прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашы Челахқа қатысты сот процесі ашық түрде, алқа билердің қатысуымен өткізіледі - әскери прокуратура

Шекарашы Челахқа қатысты сот процесі ашық түрде, алқа билердің қатысуымен өткізіледі - әскери прокуратура

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі әскери қызметкерлердің өлтірілуіне қатысты тергеу амалдары аяқталды.

  • 31 Қазан 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

2012 жылдың 2 қазанында адам өлтіру және басқа қылмыстар бойынша айыпталушы, қатардағы жауынгер В.В.Челахқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Барлығы В.Челахқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылды.

Іс бойынша тергеу заң талаптарына сәйкес жүргізілді, деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

2012 жылдың 26 қазанында айыпталушы В.В.Челах және оның қорғаушылары Т.Е.Берліқожанов, С.К.Сәрсенов, А.К.Мұхаметсадықов іс материалдарымен танысуды аяқтады.

Сондай-ақ қылмыстық іспен жәбірленушілердің өкілдері де танысты, тек өз құқықтарын Т.Я.Рей мен И.М.Сисенов пайдаланған жоқ.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 543 және 546 баптарына сәйкес В.В.Челахқа қатысты қылмыстық іс оның сұрауы бойынша алқа билердің қатысуымен ашық сот отырысында қаралады.

2012 жылдың 31 қазанында қылмыстық іс соттың қарауына жолданды.

Соңғы жаңалықтар