Шекарашы Челахтың қорғаушысы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне арыздануға әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашы Челахтың қорғаушысы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне арыздануға әзір

Шекарашы Челахтың қорғаушысы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне арыздануға әзір

"Арқанкерген" бекетінде 15 адамды өлтірді деп айып тағылған шекарашы Владислав Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов оны қорғау үшін Қазақстандағы бүкіл инстанцияларға арызданбақ,

  • 12 Қараша 2012
  • 589
Фото - Caravan.kz

керек болса, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне арыздануға әзір.

«Мен оған (Челахқа — ИФ-К) сот әділ өтеді деп сенуге болмайтындығын ескерттім. Қандай жағдай болса да дайын болуымыз керек. Бар үмітіміз-БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі комитеті», деді С.Сәрсенов «Интерфакс-Қазақстанға» дүйсенбіде Талдықорғанда.
Адвокат атап өткендей, алдын-ала тыңдау кезінде В.Челах сабырлық сақтаған.
Дүйсенбіде алдын-ала тыңдау барысында қабылданған шешімге орай, В.Челахқа қатысты сот Талдықорғанда қалалық сотта 19-қараша күні өтпек. Сот отырысы ашық болмақ.

Соңғы жаңалықтар