Шекарашы В.Челахқа қатысты сот процесінен репортаж - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашы В.Челахқа қатысты сот процесінен репортаж

Шекарашы В.Челахқа қатысты сот процесінен репортаж

Бүгін Талдықорғанның қалалық сотында «Арқанкерген» бекетінде қызметтестерін өлтірді деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот процесі басталады.

  • 19 Қараша 2012
  • 581
Фото - Caravan.kz

Айыпталушы Владислав Челах бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен фото және бейне түсірілімдерді жасамауды өтінді.

Оның өтінішінен кейін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін басты сот процесі өтіп жатқан сот залынан шығуларын өтінді.

Сондай-ақ Ербол Ахметжанов журналистерді Талдықорған қалалық сотының бірінші қабатында процестің тікелей көрсетілімі жүретін арнайы бөлме жабдықталғандығын хабардар етті.

Қазіргі уақытта әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының 62 өкілі сот процесін видеомонитор арқылы бақылауда.

Журналистерге процесті ақпараттандыру үшін барлық жағдайлар жасалған.

Істі Талдықорған әскери гарнизонының судьясы Ербол Ахметжанов қарайтын болады. Мемлекеттік айыптаушылар — Дастан Сәкенов, Александр Кирияк және Кемел Шаяхмет.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Талдықорғанның қалалық сотында «Арқанкерген» бекетінде қызметтестерін өлтірді деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот процесі басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда «Арқанкерген» бекетінен жанып кеткен 13 шекарашының мәйіттері табылды. Кейін тағы бір сарбаздың мүрдесі және шекара бекетінен алыс емес жерден орманшының өлі денесі табылды.

Қызметтестерінің өлімін мойнына алған, тірі қалған шекарашы В. Челахқа 9 бап бойынша айыптар тағылды. Атап айтқанда, «Екі немесе одан көп адам өлтіру», «Адамның жеке затын қолды қылу», «Құпия материалдарды қымқыру», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару алып жүру, «Әскери мүлікті қирату», «Қашқындық» және «Өзгенің үйіне заңсыз баса-көктеп кіру».

Үшарал әскери гарнизонына келтірілген материалдық шығын 8 млн. теңгеге жуық сомаға бағаланды.

Үшарал гарнизоны 2484 әскери бөлімінің өкілі Иван Санин сотқа әскери мүлікті жойғаны үшін 7 млн. 847 мың теңге сомасындағы материалдық шығынды өтеп беру туралы қолдаухатты ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда «Арқанкерген» бекетінен жанып кеткен 13 шекарашының мәйіттері табылды. Кейін тағы бір сарбаздың мүрдесі және шекара бекетінен алыс емес жерден орманшының өлі денесі табылды.

Қызметтестерінің өлімін мойнына алған, тірі қалған шекарашы В. Челахқа 9 бап бойынша айыптар тағылды. Атап айтқанда, «Екі немесе одан көп адам өлтіру», «Адамның жеке затын қолды қылу», «Құпия материалдарды қымқыру», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару алып жүру, «Әскери мүлікті қирату», «Қашқындық» және «Өзгенің үйіне заңсыз баса-көктеп кіру».

Соңғы жаңалықтар