Шекарашыға шабуыл жасаған үш тұрғын сотталды - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 544.87
  • 639.02
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашыға шабуыл жасаған үш тұрғын сотталды - ОҚО

Шекарашыға шабуыл жасаған үш тұрғын сотталды - ОҚО

ОҚО Сарыағаш аудандық соты шекарашыға шабуыл жасаған жергілікті тұрғындарға қатысты шешім шығарды.

  • 12 Қараша 2012
  • 314
Фото - Caravan.kz

«Сот ҚК 2-бөлімі 321-бабы (билік өкіліне күш қолданып, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру) бойынша тағылған айыпты 1-бөлімнің 321-бабына ауыстырып, 9-қарашада олардың бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарды», — деп дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аудандық сот төрағасы Ермахан Рахманбердиев мәлім етті.

Олардың бірі 3 жылға, қалғандары 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 24-маусым күні ОҚО Көктерек ауылында «Ынтымақ» шекара бекеті бастығының міндетін уақытша атқарушы лейтенантқа шабуыл жасалған болатын. Аспанға ескерту ретінде бірнеше рет оқ атқан офицердің бір оғы өтіп бара жатқан кездейсоқ адамға тиіп, ол сол жерде жан тапсырды.