Қараша айындағы мәлімет бойынша, бір жарым миллионнан астам отандасымыздың салыққа қарызы бар екен. Яғни борышкерлер 9,7 миллиард теңге берешек. Бұл соманың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Ең қызығы осындай борышкерлердің кесірі басқаларға да тиіп жатыр. Мәселен, жақында Үндістанға демалуға кетіп бара жатқан алматылық азамат әуежайдан аттап баса алмады. Александр Пушкаревті шекарашылар «қарызың бар» - деп кері қайтарған. Кейіннен анықталғанындай, берешек онымен аты-жөні ұқсас басқа біреуге жазылған екен.
Александр Пушкарев, Алматы қаласының тұрғыны:
-Менің мойнымда ешқандай қарыз болған емес. Оны билетті сатып алар кезде турфирмада тексерген. Ал бақылау бекетіндегілер бір сағат өтсе де, бұның не қылған айыппұл екенін анықтай алмады. Соның салдарынан жоспарланған демалысымның шырқы бұзылды.
Loading...