Шекарашылар Қазақстанға бағыт алған 21 тонна түсті металл контрабандасының жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар Қазақстанға бағыт алған  21 тонна түсті металл контрабандасының жолын кесті

Шекарашылар Қазақстанға бағыт алған 21 тонна түсті металл контрабандасының жолын кесті

АЛМАТЫ. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте "Жетісай" жеке комендатурасының шекарашылары Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында республика аумағына түсті металл әкелуге бағытталған екі контрабанда дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінен.

  • 11 Қаңтар 2007
  • 338
Фото - Caravan.kz

Шекаралышар Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі «КамАЗ» автокөлігімен рәсімделмеген 20 тонна түсті металл тиеп әкеле келе жатқан төрт қазақстандықты ұстады. Кешке жақын шекараның осы учаскесінде тағы екі қазақстандық ұсталды. Олар МТЗ-80 тракторына бір тонна түсті металл тиеп , Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған.

Сол күні шекарашылар жасағы «КамАЗ» автокөлігіне 15 тонна ұн тиеп, өткізу бекетін айналып өтуге әрекет жасаған Өзбекстан азаматын құрықтады.

«Барлық үш дерек бойынша іс қаралуда»,- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта