Шекарашылар Қырғызстаннан жылқы қуып келе жатқан барымташылардың жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар Қырғызстаннан жылқы қуып келе жатқан барымташылардың жолын кесті

Шекарашылар Қырғызстаннан жылқы қуып келе жатқан барымташылардың жолын кесті

Тараз шекара отрядының «Гранитогорск» шекара бекетінің (қазақ-қырғыз шекарасы) аумағындағы Андас батыр ауылының тұсында, өткен сейсенбіде, кешкі сағат 17.30-дар шамасында шекара наряды көршілес елден біздің елдің аумағына қарай 7 үлкен жылқы мен 1 құлын қуалап келе жатқан барымташылардың жолын кесті.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz


Жылқылар Мемлекеттік шекарадан 100 метр ғана ішке кіріп үлгерген болатын. Шекарашыларды байқап қалған 3 барымташы жалт бұрылып Қырғыз Республикасының аумағына кіріп кетті. Ұсталған жылқылар әзірше «Сыпатай батыр» шекара заставасында тұр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар