Шекарашылар Қытайдан «Айфон» телефондарын заңсыз алып келмек болғандарды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар Қытайдан «Айфон» телефондарын заңсыз алып келмек болғандарды ұстады

Шекарашылар Қытайдан «Айфон» телефондарын заңсыз алып келмек болғандарды ұстады

Өткен тәулік ішінде Шекара қызметінің «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары

  • 22 Қазан 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz


контрабандалық жолмен 36 дана ұялы телефондарды алып өтпек болған қазақстандық азаматтарды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен. 

Қазақ-қытай мемлекеттік шекарасының аралығында орналасқан «Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығынан» елімізге қарай келе жатқан 1993 жылы туған Мақсат есімді азаматты тексеру барысында, оның қол жүгінен жарияланбаған 26 дана «Айфон-6» ұялы телефоны табылды. 
Келесі оқиға да осы бекетте орын алды. Шекарашылар Жазира есімді 1986 жылы туған азаматшаны ұстап, оның қолжүгін шекаралық тексеру кезінде 10 дана «Айфон-5S» ұялы телефонын анықтады. 
Аталған деректер бойынша материалдар «Алтынкол» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.