”Шектен шыққандық”: Ұлттық киіммен өнер көрсеткен спортшы сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Шектен шыққандық”: Ұлттық киіммен өнер көрсеткен спортшы сынға қалды

”Шектен шыққандық”: Ұлттық киіммен өнер көрсеткен спортшы сынға қалды

Әлеуметтік желіде қазақ қызының ұлттық киіммен пилон спортында өнер көрсеткен видеосы тарады.

  • 14 Сәуiр
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қызу талқыланып жатқан видеоға спорт журналисі Аслан Каженов те пікір білдірді.

“Мынау не масқара?!

Кеше тілімізді қорлағаны аздай, енді арымызды аяққа таптап жатыр. Негізі осылар әдейі істейді-ау. Дәл осы темірге оратылып билеуді бізде ресми спорт ретінде тіркеп қойған. Стриптиз деп айтсаң сотқа сүйрелейді. Бірақ, жеме-жемге келгенде білгендерін істеп, ұлттық құндылықтарымызды мазақ қылуда. Мына жағдайға бей-жай қарауға болмайды. Видео авторларын тауып, заң бойынша тиісті жазаларын беру қажет…”, — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының басым бөлігі де видеодағы аруды “ұлттық киімді қорлады” деп айыптауда.

”Әрине, заман өзгерді деп бәрін түсінеміз. Бірақ, мынау шектен шыққандық. Ұлтты қорлау ғой”, “Қандай киімде айналса да өздері біледі. Бірақ, ұлттық киімде емес”, “Бұл спорт қой деп жатқандар, мысалы, боксшы ұлттық киіммен төбелесе ме, гимнаст қазақша киіммен өнер көрсете ме? Әр нәрсеніі шегі, орны болады”, “Заң алдында жауап берсін”, — деп жазлы олар.