Caravan Logo

Шенеуніктердің емтиханды ақша беріп сатып алғаны анықталды

Шенеуніктердің емтиханды ақша беріп сатып алғаны анықталды

Тамырын тереңге жайған ұйым ҰБТ жауаптарын сатқандай, мемлекеттік қызметке тұрғысы келетіндер үшін де тестті саудалаған. Тіпті, элиталық  «А» корпусының шенеуніктері үшін емтихан тапсырып бергендер бар. Қызмет құны 4-5 мың доллар шамасында. Әзірге белгілісі қылмыстық топ соңғы бір жыл ішінде осылайша 120 адамға «ақылы қызмет» көрсеткен. Құзырлы орган топ мүшелері түгел қамалып, тергеліп жатыр дегенімен, ақы төлеп қызмет алған шенеуніктердің атын әзірге айтпай отыр. Дегенмен олар да жазасыз қалмайды деп сендірді.

Loading...