Шенеуніктердің жаппай кіріс декларациясын толтыруына кезеңмен көшу мәселесін дәйектеу қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктердің жаппай кіріс декларациясын толтыруына кезеңмен көшу мәселесін дәйектеу қажет - Назарбаев

Шенеуніктердің жаппай кіріс декларациясын толтыруына кезеңмен көшу мәселесін дәйектеу қажет - Назарбаев

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шенеуніктердің жаппай кіріс декларациясын толтыруына кезеңмен көшу мәселесін дәйектеу қажет. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Кірісі мен дүние-мүлкі туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қазіргі жүйесі берілген мәліметтердің растығын тиісті деңгейде бақылауға мүмкіндік бермейді. Жаппай кіріс декларациясын толтыруға біртіндеп көшу мәселесін шешу керек», -деді Н. Назарбаев.

«Шенеуніктердің кіріс көздерін тиімді қадағалау жүйесін орнату қажет. Шенеуніктердің әсіресе өзіндік бизнестік мүдделерін ілгерілетуге қызмет бабын пайдалануына жол бермеу қажет. Бизнесті басқаруға берген шенеуніктер одан нақты бас тартуы абзал. Экономикалық мәселелерді өз бизнесінің пайдасына немесе қарақан басының қамы үшін басқаның мүддесіне лобби жасауға бағытталған кез-келген оқиға қызметтен шеттетуге әкеліп, заңға сәйкес жаза жүктелуге тиіс. «Нұр Отан» партиясы осыны бақылауға алсын, және одан ұялмасын, адам қандай қызметте отырса да тікелей өзім қолдау көрсететін боламын»,- деді президент.

Н. Назарбаев атап өткендей, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі осындай деректерді тексеруге кірісуі қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар