Шенеуніктерге қызметтік көліктерін жеке шаруасына мінуге тыйым салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктерге қызметтік көліктерін жеке шаруасына мінуге тыйым салынады

Шенеуніктерге қызметтік көліктерін жеке шаруасына мінуге тыйым салынады

Атқамінерлердің жаппай жаяу қалатын түрі бар. Себебі шенеуніктерге қызметтік көліктерді жеке шаруасына мінуге тыйым салынбақ.  Тіпті олардың жүріс-тұрысы мен басқан қадамы қырағы қадағалауға алынбақшы.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл құны қымбат темір тұлпарлар бюджет қаржысына сатып алынған. Оны министрлерден бастап, ортаңқол шенеуніктерге дейін тақымдап жүр. Бірақ мемлекеттің меншігін бас пайдаларына жарататындар көп. Атқамінерлер қызметтік көлікпен ұл-қыздарын балабақшаға, әйелдерін базарға тасуды әдетке айналдырған. Тіпті мақтанғандық па, әйтеуір тойға да сол Үкіметтің машинасымен барады. Барын паш еткенді жаны сүйетін дөкейлерді енді тәубасына түсіретін күн алыс емес. Яғни шенділер мінген көліктердің қайда барып, қайда аялдағанын білу үшін GPS-навигаторлар орнатылмақшы.


Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасы:

— Таңертең балабақшалардың, мектептердің маңайында, кешке тойханалардың маңайында қызметтік нөмірлері бар мемлекеттік көлік тұрса, ол мемлекеттік қызметшінің әдептілік нормаларына сай емес. Осыны сол мемлекет қызмет көлігін берген басшылардың да санасына сіңіруіміз керек.