Бұл туралы сот барысында судья Ержан Жанұзақов айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылдың 5 маусымында 16:00-де жарияланатын болады», — деді судья.
Сотта соңғы сөздерін сөйлеген сотталушылар тағылған айыппен келіспейтіндерін айтты. Басты сотталушы Равиль Сакиев пен Абзал Шынасыл кінәларын жартылай мойындады. Қалған айыпталушылар сотта әділ үкім шығаруын сұрады.