Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сотта айыпталушы Дидар Қалиахмет жәбірленуші тараптың адвокаттарының сұрақтарына нақты жауап бере алмады.
Сұрақ-жауап кезінде қорғаушылардың бірі оның жауаптарына таңданысын білдірді.
— Сонда сіздің есіңізде не қалды? — деп сұрады адвокат.
Бұл сөздерге жауап ретінде Дидар Қалиахмет шындық детекторынан (полиграфтан) өтуді ұсынды.
— Айтады ғой, ештеңе білмейді деп. Қазір технология заманы. Өткізіңіздер мені шындық детекторынан. Ұрдың ба? Кесті ме? Өлтірдің бе? дейсіздер — мен «иә» не «жоқ» деп жауап беремін, — деді ол.
Судья бұл ұсынысты кері қайтарды, мұндай процедураны жүргізудің қажеті жоқ екенін атап өтті.
Бұған дейін сот залында айыпталушы Абзал Шынасыл өзін видеоға түсіруге рұқсат берді. Ол Шерзат Полатты тепкенін және Нұрқанаat Ғайыпбаевтың санына үш рет пышақ сұққанын айтты. Сондай-ақ, айыпталушы пышақты өз-өзін қорғау үшін алып жүргенін жеткізді.
Абзал Шынасыл бұрынғы берген жауабынан бас тартты. Ол марқұм Нұрқанаat Ғайыпбаевтың көрсеткен айғақтарымен келіспейтінін мәлімдеді.
Еске салайық, қазіргі уақытта 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.