Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
21 мамыр күні Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша басты күдікті – Абзал Шынасылды сұраққа алу басталды.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотқа Шерзаттың беті мен денесінде анық көрінетін көгерген іздері бар суреттерді көрсетті.
– Құрметті сот, өткен отырыста Бишимбиева (Шерзат Полаттың анасы – ред.) “Ұлымның бетінде және саусақтарында жарақаттар болды” деді. Осы жарақаттарға қатысты не айта аласыз? – деп сұрады адвокат айыпталушы Абзал Шынасылдан.
Алайда Абзал Шынасыл Шерзатты ұрғанын жоққа шығарды.
– Мен Шерзатқа қол көтерген жоқпын. Ол да маған тиіскен жоқ, – деді ол.