Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Шерзат туралы пікір де жазбай, Русланға келгенде тілекші бола қалыпсың», деген жақсыларым үшін. Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші АЛЛА біледі және мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ҰЛТын, МЕМЛЕКЕТін, АТА-АНАСЫН, ОТБАСЫН сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған ешнәрсесін бөліп бермейтінін білем. Дәмеленбеймін де. АЛЛА тағаланың маңдайыма жазып қойған ризық, несібесі бізден басқа біреуге кетпейді. Мен адам алаламайтын жанмын. Бәріне құшағым ашық.
Ал, Шерзат бауырым туралы 2024 жылдың 12 қазанында (тура Русланға жазған жазбамдағыдай) қабырғама қатты батқанын білдірген болатынмын. (Суреттер (скрин) соның дәлелі). «Шерзат туралы пікір жазбағандардан отписка», деп атой салып жатқанда, «Мен жаздым ғой», деп ақталуға арланғам. Қазір, жазуыма мәжбүрлеп жатқан жандардың қарасы көп екен.
Мен ҚАЗАҒЫМа жау емеспін. ҚАЗАҚ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет АЛЛАдан дұға тілеймін. Имандай шыным. Қалғаны құқық қорғау органдардың құзырында. Баршамызды бір АЛЛА қолдасын. Бәріңізді құшақтадым», — деп жазды әнші.
Естеріңізге салсақ, әнші Руслан Берденов туралы былай деп жазба қалдырған еді:
«Саясат сахнасында, мәжіліс мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қам жеген асыл азаматқа қастандық қылғаны елдігімізге сын болды. Сіз бен біздің ұрпағымыз лудоманияның лайына батып кетпесін деп уайымдаған жанға оқ атылғаны жанға батады. Ел үшін туған ер Руслан Арысбекұлына АЛЛА тағала жеңілдік берсін. Ел игілігіне, әулетінің бағына аман болсын», — деп жазған еді Сәкен Майғазиев.