Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетінің студентіне "Отан" партиясының арнаулы шәкіртақысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетінің студентіне "Отан" партиясының арнаулы шәкіртақысы тағайындалды

Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетінің студентіне "Отан" партиясының арнаулы шәкіртақысы тағайындалды

Республикалық "Отан" саяси партиясының облыстық филиалының төрағасы Есен Күмісқали Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетінің 4 -курс студенті Әсия Ержановаға партияның атынан танымал қоғам және саяси қайраткер, Қазақстан парламенті мәжілісінің тұңғыш спикері Марат Оспановты еске алу құрметіне тағайындалған арнайы шәкіртақыны табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қазан 2003
  • 3255
Фото - Caravan.kz

Ә.Ержанова аталмыш партияның мүшесі әрі оқу озаты. Студент жастар арасындағы «Жас толқын» атты Атырауда өткен үшінші республикалық фестивальде Әсия «Халық әндерін орындау» жөніндегі номинация бойынша жеңімпаз атанып Атырау облысы әкімінің сыйлығына ие болған.

Ал «Отан» партиясының атаулы шәкіртақысын Ә.Ержанова бүтін оқу жылы барысында алып тұратын болады.

Соңғы жаңалықтар