“Шеше деген балаларын тастап кеткен әйел кісі” - Қабылбек Әліпбайұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Шеше деген балаларын тастап кеткен әйел кісі” - Қабылбек Әліпбайұлы

“Шеше деген балаларын тастап кеткен әйел кісі” - Қабылбек Әліпбайұлы

"Ана" мен "шеше" сөзінің айырмашылығын айтамын деген имам Қабылбек Әліпбайұлының басы дауға қалды. Көпшілік қауым "ұстаз" деп атайтын Әліпбайұлы бұл жолы оңбай қателесті.

  • 3 Қазан 2023
  • 673
Фото - Caravan.kz

Имамның видеосы әлеуметтік желіде желдей есіді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ана деген бүкіл болмысын көрген түйгенін баласына арнайтын адам. Ондайды "ана" деп айтады. Шеше деген — балаларын тастап кеткен, балаларына қарамаған әйел кісі. Балалары қалай болмасын өскен, ұрыс-керіс болған кезде ажырасып кете салған адам. Анаңның пәленшесі деген боқтық сөз жоқ, шешеңнің деген боқтық сөз бар. Шеше деген баласына еңбегі сіңбеген кісі екен. Сондықтан әйел адамның миссиясы шеше болу емес, ана болу. Ана деген өзінің бала-шағасы үшін бәріне дайын болу керек", — деді Қабылбек Әліпбайұлы.