Шешеден боқтаған: Прокурордың әйелімін деген дөрекі келіншек жаға ұстатты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шешеден боқтаған: Прокурордың әйелімін деген дөрекі келіншек жаға ұстатты (ВИДЕО)

Шешеден боқтаған: Прокурордың әйелімін деген дөрекі келіншек жаға ұстатты (ВИДЕО)

Қызылорда облыстық прокуратурасы әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға ресми жауап берді. Видеода облыс прокурорының әйелі дөрекілік жасады деп айтылған болатын.

  • 20 Шiлде 2022
  • 121
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы аталған бейнежазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады» деген сипатта бейнежазба тарап жатыр. Бұл — шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты жөні — Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты — орыс. Таралған видеодағы басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қаралатынын назарға саламыз», — деп жазылған Қызылорда облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.