Шешенқара ауылында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа үйге қоныстанды - Қарағанды облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шешенқара ауылында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа үйге қоныстанды - Қарағанды облысы

Шешенқара ауылында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа үйге қоныстанды - Қарағанды облысы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа үй алды.

  • 24 Тамыз 2015
  • 472
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Қарағанды облысында 2015 жылғы сәуірде су тасқынынан зардап шеккендерге үйді уақтылы тапсыру жұмыстары жалғасын табуда. Бұл ауылда 8 үйді су басты. Зардап шеккен отбасыларға материалдық шығын толық көлемде төленді, тәуелсіз сарапшылар шығынды — 1,5 млрд. теңгеге бағалады, сондай-ақ басқа да материалдық, гуманитарлық көмектер көрсетілді», — делінген хабарламада.

Шешенқарада тәуелсіз сараптама 3 үйді, 2 пәтерді апатты деп таныды.

«Үш үйде күрделі жөндеу жүргізіліп, апат салдарынан баспанасынан айырылған барлық отбасыға мамыр-тамыз айлары аралығында үй жалдау үшін өтемақы төленді. 24 тамызда барлығы жаңа үйге қоныстанды. Үйлер өз ауылдарында облыстық қоғамдық қордан бөлінген 8,8 млн. теңге есебінен сатып алынды», — делінген хабарламада.

Үйлі болғандардың бірі жалғыз өзі үш бала тәрбиелеп отырған Надежда Иноземцева жергілікті билікке көрсеткен материалдық көмегі мен тұрғын үй мәселесін шешіп бергені үшін алғыс білдірді. «Енді жаңа үйден баламды мектепке жіберетін боламын», — деді ол.


Қыстаубаевтар отбасы жаңа үйде ұлының туған күнін атап өтіп үлгерді.

Кенттің басқа да тұрғындары қиындықта қол ұшын беріп, сапалы баспанаға қоныстандырып, көмек көрсеткендерге алғыстарын айтты.
null

Соңғы жаңалықтар