Жарияланды: 30

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өкілеттігін уақытша тоқтатты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өкілеттігін уақытша тоқтатты Сурет - Stav.aif.ru

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров "уақытша жұмысқа жарамсыздығын" хабарлап, 13 қаңтардан бастап ел билігін Муслим Хучиевке қалдырды.

Бұл туралы Шешенстан үкіметі басшысының сайтында жарияланған өкімде айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Шешенстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша еңбекке жарамсыз кезімде Республика басшысының міндетін орындауды 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап Үкімет төрағасы Хучиев Муслим Магомедовичке жүктеймін", - делінген құжатта.

Құжатқа 13 қаңтарда қол қойылды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін