Шешіндіріп жатқанда үстінен түскен: Алматы облысында ер адам 6 жасар қызды зорламақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шешіндіріп жатқанда үстінен түскен: Алматы облысында ер адам 6 жасар қызды зорламақ болды

Шешіндіріп жатқанда үстінен түскен: Алматы облысында ер адам 6 жасар қызды зорламақ болды

 

  • 12 Маусым 2019
  • 254
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында 6 жасар қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек Алакөл ауданындағы ауылдардың бірінде тіркелген. 11 маусымда 25 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Ол кішкентай қызға шабуылдап, зорламақ болды деп күдіктеліп отыр.

Анықталғандай, ер адам 6 жасар қызды «дәрілік шөптер жинаймыз» деп алдап, ауыл шетіне алып шыққан. Артынша оны зорламақ болыпты. Абырой болғанда, қыз бала айқайлап, жергілікті тұрғындардың бірі оның шырқыраған даусын естіген. Ол бірден көмекке ұмтылып, қыздың үстіндегі киімін шешіп жатқан педофилді ұстап алыпты.

«53 жастағы ер адам бірден ауылдық учаскелік полицейді шақырып, күдіктіні тәртіп сақшысы жеткенше ұстап тұрған. Қыз бала тірі және аман-есен. Педофил арам ойын іске асырып үлгермеді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — дейді облыстық полициядағылар.


Сонымен қатар ведомстводағылар қызды құтқарып қалған ер адамды марапаттауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар