Шет тілінен енген сөздерді латын әліпбиімен қазақ мәтіндерінде таңбалаған кезде олардың тұрпаты өзгереді - тіл маманы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шет тілінен енген сөздерді латын әліпбиімен қазақ мәтіндерінде таңбалаған кезде олардың тұрпаты өзгереді - тіл маманы

Шет тілінен енген сөздерді латын әліпбиімен қазақ мәтіндерінде таңбалаған кезде олардың тұрпаты өзгереді - тіл маманы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздегі көптеген келелі мәселелер көтерілгені мәлім. Бұған қоса мемлектет басшысы олардың шешу жолдарын да нақты атап көрсеткен еді. Президент әсіресе қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне кеңінен тоқталған болатын.

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 294
Фото - Caravan.kz

Содан бері латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы халық талқылауына ұсынылды.Ал соңғы үшінші нұсқасы көпшілітің көңілінен шықты әрі көп ұзамай еліміздің белді тіл мамандары қазақ тілінің жаңа емле-ережелерін жасауға кірісті. Ең басытысы әріп өзгеріп, төл тіліміздің ерекшеліктеріне тән жаңа ережелердің дайындалып жатқаны белгілі.

Аталған жұмыстардың барысы қалай және қандай өзгерістер болатыны жайлы Caravan.kz медиа-портланыңы тілішісімен белгілі тіл маманы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова бөлісті.

— Енді латын әліпбиіне көшкенде тіліміздің табиғатына тән ержелер шығарылатыны жапылама айтылды. Дегенмен қандай ережелер шықты, қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

— Әрине алғашында қиындықтар болады. Дегенмен ол қиындықтарды еңсеру уақыты да қысқа болады. Аз уақыттың ішінде оқырманың көзі оған бірден үйреніп кетеді. Себебі, кирил әріптері мен латын әріптері гомогенді әліпбидің жүйесіне жатады. Бұлар екеуі де ұқсас әліпбилер. Кирилде де, латында да ортақ графемалар өте көп. Бұл бірінше мәселе.

Ал енді жаңа емледе қандай заңдылықтар болады дегенде, ең алдымен жаңа мен айтқандай барлық қазақ сөздерінің тұрпаты өзгереді. Ондағы сөздің құрамындағы барлық әріптер латын графикасындағы әріптермен таңбаланады.

Екіншіден шет тілінен енген сөздерді бұрын біз орыс тілінің орфографиялық ережесіне сәйкес бұлжытпай жазатын болсақ, латын әліпбиіне көшкен кезде оларды енді біздің әліпбидің мүмкіндігіне қарай аздап болсада өзгеріске ұшыратып жазамыз. Аздап болсада өзгеріске ұшыратып жазамыз дегенде «аздап» деген сөзді неге қолдандым. Егер сөзді мәтін ішінде мүлдем танымайтындай өзгеріске ұшырататын болсақ, оқырмандар оны тануға көп энергия жұмсайды. Сөйтіп жазудың қуат тыйымдылғы артады. Ал қуат тыйымдылығы жоғары жазу өте қолайсыз болып саналады. Сондықтан шет тілінен енген сөздерді латын әліпбиімен қазақ мәтіндерінде таңбалаған кезде қазақтың айтылу заңдылықтарына ұқсас олардың тұрпатын өзгертеміз. Бірақ олардың тұрпатын өзінің түпнұсқа тіліндегі тұрпатынан мүлдем алшақтатып жібере алмаймыз. Сондықтан осы екі ұстанымға да жауап беретіндей, яғни біреуі қазақтың өзінің айтылу заңдылықтарына ұқсастығы ұстанымы, екіншісі түпнұсқа тілдегі графикалық образына жақын болу ұстанымы. Осы екі ұстанымды үйлестіре отырып, шет тілінен енген сөздерді латын әріптерімен таңбалаймыз.

— Нақты мысал келтіре аласыз ба?

— Мысалы: «бедіміст» деп жазуды көпшілігі қолдамады. «Ведомость» деген сөздің бірінші әрпін «в» әріпімен қалдыруды көпшілігі қолдап отыр. «Бедомост» немесе «ведомост» деп қалдырып, түпнұсқаға ұқсас әріп құрамын сақтауды ұсынып отыр. Бірақ жуан немесе жіңішкелік белгісін түсіріп жазуды қолдайды. Мысалы: «ведомость» сөзінің екі түрлі нұсқасын «бедіміст» және «ведомост» екі нұсқасының соңғысын халық қолдап отыр.

Сондай-ақ, осы күнге дейін босаң орфографиялық норма болып саналған, бірде былай, бірде былай жазылып жүрген сөздер құрамын латында түзеп алғымыз келді. Соған қатысты халықтың пікірін жинап алдық. Олар қандай сөздер дегенде, олар мына қыркүйек, шегара, көгөніс деген сөздерде халық «г» әрпімен емес «к» әрпімен, яғни сөздердің жігіндегі «к» әрпін қолдануды қолдап отыр. Яғни шекара, қыркүйек, көкөніс деп жазуды қолдап отыр.


— Жалпы жаңа емле-ережелерді жасаудың аяқталғанын және қыркүйек айының соңында ұлттық комиссияның қарауына өтеді дедіңіз. Аталған мәселелер сонда бекітіледі ме?

— Жоқ, ұлттық комиссияда бұл жасалған жоба мақұлданады.

— Қанша дегенмен латын әліпбиіне көшу үшін ұзақ дайындалдық, көп жұмыс атқарып жатырсыздар. Осының нәтижесінде көрші Өзбек, Әзербайжан еліндегідей қиындықтар туындамайды деп нақты айтуға болады ма?

— Біз тіл мамандары әліпби ауыстыру тәжірибелерін ұзақ жылдар бойы зерттедік. Ол үшін елбасына үлкен алғысымызды айтамыз. Себебі, ол кісі бізге сонау 90-жылдардан бері осындай мәселелерді түгел байыптап, зерделеуге мүмкіндік берді, уақыт берді. Оның үстіне қаражат та берді. Бірнеше рет латын графикасына қатысты мәселелерді зерттеу үшін гуманитарлық институттарға бірнеше рет зерттеу жобаларына қаржы бөлгізді. Біз осы мәселені қараған кезде барлық емле, әліпби ауыстырған елдерде бұл процес ешқандай қиындықсыз, ешқандай кедергісіз, өз өзімен болғанын байқамадық. Міндетті түрде әр елдің өзінің геосаяси жағдайына, тілдік жағдаятына, әлеуметтік жағдаятына қатысты қиыншылықтар болып тұрды. Біздің елімізде де бұл реформа барысында, өзіміздің ішкі ерекшелігімізге қатысты бір қиындықтар туындауы әбден мүмкін. Алайда 90-жылдардың басында өткен түркі мемлекеттерінің жағдайымен қазіргі Қазақстанның жағдайын салыстыруға келмейді. Ол кезде үлкен экономикалық саяси дағдарыс болған. Қазіргі кезде Қазақстанда ондай дағдарыс жоқ. Сондықтан бізде кездесіп жатқан қиындықтарды оп-оңай еңсере аламыз деп ойлаймын. Ал емле мәселесіне келгенде пікір алуандылығы туындауы ол заңды. Қоғам болған соң, қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары болған соң, әртүрлі мүдделер болған соң емлеге қатысты да пікірлер алуан болады. Бірақ мұндайда ғалымдардың, сол салада жүрген мамандардың ойына басымдық беру керек. Ол қандай ғалымдар дегенде: ол жазу теориясының мамандары, орфограф мамандары, сөз мәдениетінің мамандары, фонологиялық зерттеулер жүргізген мамандар. Міне осы кісілерге, осындай тілтанушы-ғалымдардың пікіріне көбірек басымдық беру керек деп ойлаймын.

— Рахмет.

Соңғы жаңалықтар