Жарияланды: 830

Шетел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы

Шетел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы

Әлем елдерінің басшылары Қазақстван Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттері, сарабдал саясаткер екендігі туралы өз лебіздерін білдіруде.

ҚазАқпарат шетел басшылары пікірлерінің топтамасын ұсынады. * * * Барак ОБАМА, АҚШ Президенті: - Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркен­деген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауған­стан­дағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісін­дегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын. Владимир ПУТИН, Ресей Президенті: - Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-эконо­микалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Рес­пуб­ликаның халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар да жетілдіріле түсуде. Ресей мен Қазақстан халық­аралық аренадағы, Еуразия кеңістігіндегі аймақ­тық интеграциялық құрылымдардағы күштерін үйлестіруі өзінің тиімділігін көрсетті. Ху ЦЗИНЬТАО, ҚХР-дың бұрынғы Төрағасы: - Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылы­ғы­ңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді. Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр. Соңғы жылдары Қытай - Қазақстан қатынастары белсенді дамуда. Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының Президенті: - Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы - Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз. Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР Канцлері: - Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруыңызда Сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономикалық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады. Хуан КАРЛОС І, Испания Королі: - Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтар­лықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында біздің мемле­кет­теріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен және халықтың әл-ауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін. Асиф Әли ЗАРДАРИ, Пәкстан Ислам Республикасының Президенті: - Сіздің көшбасшылығыңызбен Қазақстан биік белестерге жетті. Сіздің жеңісіңіз - Сіздің бас­шы­лы­ғы­ңыздағы елдің, Қазақстан халқының зор сенімінің көрінісі. Пәкстан Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарына үлкен мән береді. Мен біздің елдеріміз арасындағы достық байланыстардың одан ары да тек нығая түсетініне сенемін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін