Қазақтар үй сатып алған елдердің басын Испания, Болгария, Хорватия және Түркия бастап тұр. Одан кейін тізімді Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Франция және Литва мен Латвия жалғаған. Бір қызығы, соңғы уақытта өзге мемлекеттен баспаналы боп жатқандардың дені олигархтар емес, орта дәулет иелері. Соған қарап, риэлторлар олардың көздегені азаматтық алу болар деп топшылайды. Өйткені әлгі тізімді бастап тұрған Испанияда 30-40 мың долларға үй алған адамды бірден тұрғын ретінде тіркейтін заң бар. Ал Болгарияда 3 жылдық визамен жүруге жол ашық. Десе де, қалтасының қалыңдығынан өзге жақтан мүлік алуға әуес қазақтар саны да баршылық. Тек көбінің есімі құпия. Мәселен, Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы мына бір сәнді пәтер біздегі олигархтың бірінің баласына тиесілі. Пинхаустың құны – 75 миллион доллар. Қазақстан әзірге шетелде мүлкі бар байлар тізімінде ТМД бойынша алдына тек Ресей мен Украинаны шығарып, үшінші орында тұр.