Шетелде басы дауға қалған бапкердің «қызға қырындағаны» рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде басы дауға қалған бапкердің «қызға қырындағаны» рас па?

Шетелде басы дауға қалған бапкердің «қызға қырындағаны» рас па?

«Үнді қыздарына қол жүгіртті» деп айыпталып жатқан қазақстандық бапкерге қатысты шу жалғасын тапты. Бүгін мергендерді жаттықтырған Станислав Лапидус оқиғаға байланысты өз ойын жеткізді. Бапкер оны еліміздің Мылтық ату федерациясына хат арқылы жолдаған. Ал өзі қазір Мюнхенде Үндістан құрамасымен бірге жарыста жүр екен. Хатқа қарағанда, үнді спортшылары таққан айыптың негізсіз екенін айғақтайтын дәлелдер бар көрінеді. Айта кетсек, 63 жастағы бапкерге қатысты Үндістанда 6 бірдей қыздың арызы бойынша үлкен дау шығып жатыр.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz

Станислав Лапидусқа қатысты бұл шу осыдан 2 апта бұрын басталған екен. Ақпаратқа қарағанда, Үндістанның 6 спортшы қызы оны «көз сүзіп, қол жүгіртті» деп айыптаған. Ушыққан іске тіпті еліміздің Сыртқы істер министрлігінің де араласты. Тек оқиғаға қатысты Станислав Лапидустың өзі үнсіз қалған еді. Бүгін ол елдегі федерацияға хат жолдап, өз ойын баяндапты.

Станислав Лапидус:

— «Қол жүгіртті» деп шағым түсірген жасөспірімдер тобындағы екі қыз болатын. Бірақ федерация тарапынан тексеру жүріп, оның жала екені дәлелденген. Сөйтсем, қыздар құрамаға алмағаным үшін кек алып жүрген түрлері екен. Жастары 21-ге толмағандықтан алмағанмын.

Бапкер жіберген хатқа қарағанда, бұл үнді қыздары тағып отырған екінші айып. Бірақ олар кейін сөздерінен тайқып шыққан. Бұл жолы дауды бастап, шағымды қайта қарша боратып жатқан 45 жастағы Анжали Бхагват екен. Ол әйелдің де өтірігін Үндістан Мылтық ату федерациясының алдында дәлелдедім дейді Станислав Лапидус.

Станислав Лапидус:

— Анжалимен арада жеке бас араздығымыз бар. Оның да өтірігі дәлелденген. Сөзімді айғақтайтын құжаттарым бар. Осыдан кейін Анжалидің құрамадан шығарылуын талап еткен едім. Енді, міне, өшіккен қыз тағы 5 спортшыны үгіттеп, мені масқараламақшы. Қыздарды әлдебіреулер пайдаланып отыр.

«Қыздарды әлдебіреулер арам пиғылын жүзеге асыру үшін пайдалануы мүмкін» деген пікірді Қазақстан Мылтық ату федерациясы да ұстанып отыр. Бірінші кезекте бұған Станислав Лапидустың бақталастары мүдделі көрінеді. Себебі, 2009 жылдан бері Үндістанда сұрмергендерді даярлаумен айналысып жүрген бапкердің жетістігін әлі ешқайсысы қайталай алмай келеді екен.


Татьяна Табакаева, Мылтық ату федерациясының атқарушы директоры:

— 6 қарашада Кувейтте Халықаралық Мылтық ату федерациясында іріктеу өткізілуі керек болған. Соған Станислав Лапидус вице-президенттікке өз кандидатурасын ұсынған еді. Сондықтан мұнда осыған қатысты бір саясат болуы мүмкін. Ал қыздарға қол жүгіртуі мүмкін емес.

Әзірше оқиғаға қатысты сан түрлі болжам айтылып жатыр. Іс сотқа жеткен жоқ. Тек тексерілу үстінде. Ал Станислав Лапидустың өзі қазір Германияның Мюнхен қаласында Үндістан құрамасымен бірге жарыста жүр.  

Соңғы жаңалықтар