Шетелде діни білім алатын 400-дей студент елімізге қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде діни білім алатын 400-дей студент елімізге қайтарылды

Шетелде діни білім алатын 400-дей студент елімізге қайтарылды

Соңғы 3 жылда шетелде діни білім алып жүрген 400-дей студент Қазақстанға қайтарылған. Оның 11-і Жамбыл облысының тұрғыны. Студенттер неге сырттан қайтарылатын болды?

  • 29 Қараша 2016
  • 634
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы baq.kz жазады.

Шетке ілім іздеп барғандар көбіне Пәкістан, Бангладеш, Малайзия, Сауд Арабиясы мен көрші Қырғыз елдеріне тұрақтайды. Өйткені осы елдерде оқуға түсу, виза мен өзге қызметтер тегін. Бұл діни сауатты басқа бағытқа бұру үшін жасалған жағдай екені түсінікті дейді прокурорлар.

Жамбыл облысынан Азия елдеріне аттанғандар 18 бен 25 жас аралығындағы азаматтар.

«Сырт елдерде 23 адамның оқитыны анықталды. Олардың 11-ін елге қайтардық. Діни және әлеуметтік салаларға жұмысқа орналастырылды. Өзгелері әлі де Бангладеш, Пәкістан мен Малаизияда білім алуда. Оларды да келесі жылы қайтарамыз. 4 ата-ана келісімін берді», — дейді Жамбыл облыстық прокуратурасының бөлім басшысы Бақтияр Шаисламов.

Студенттерді елге қайтару «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағдарламасы» аясында жүзеге асуда. Жамбыл облысының өкіл имамы бұл саясатты қолдайды. Айтуынша, діни сауат ашу өз елімізде де жолға қойылған. Сол үшін сыртқа сабылу жөн емес дейді.

«Өз жерімізде өзіміздің ана тілімізде ілім алу үлкен бақыт деп ойлаймын. Жалпы, ертеректе мұндай бақытқа көптеген азаматтар кенелместен, сырт мемлекеттерге баратын еді. Қазіргі таңда ондай қажеттілік жоқ. Алла шүкір, біздің облысымызда да Хибаттула Тарази медресесі жұмыс жасап жатыр», — дейді ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкіл имамы Данияр Жұмабаев.

Елге оралғандардың бірі Ибраим Шаров. Ол Эр-Риадта ілім алған. «Мухаммед Ибн Сауд» университетінің 4-ші курсын тәмәмдар тұста елге оралды. Ондағы ілім мен жасалған жағдайдан еліміздікі әлдеқайда жақсы дейді.


«Елбасымыздың бұл саясатына ризамыз. Біздің болашағымызға бей-жай қарамады. Және Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігіне көп рахмет. Ай сайын басымызды қосып тұратын. Біз өз проблемаларымызды айтатынбыз. Нәтижесінде бірден жұмыс тауып беріп, елге қайтарды», — дейді Ибраим Шаров.

Прокурорлар, келесі жылы шетте жүрген 13 студентті қайтару басты міндетіміз, деп отыр. Бұл экстермизм мен терроризмнің алдын алу тетіктерінің бір парасы. Өйткені соңғы кездері жат ағымда жүргендердің сырттан барған студенттердің санасын улау дерегі күрт көбейген.

Соңғы жаңалықтар