Шетелде тағы бір отандасымыз «қыз зорлады» деп айыпталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде тағы бір отандасымыз «қыз зорлады» деп айыпталып жатыр

Шетелде тағы бір отандасымыз «қыз зорлады» деп айыпталып жатыр

Шетелде тағы бір отандасымыздың қызға қырындаймын деп басы дауға қалды. Сұрмергендер тәрбиелеумен аты танылған спорттық мылтық атудан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Станислав Лапидус Үндістанда 6 бірдей спортшы қызға қол жүгіртті деп айыпталуда. Қазір сол елде келісім-шартпен жұмыс істеп жатқан 63 жастағы отандасымыз жаттығу кезінде бойжеткендердің белінен ұстап, сексуалдық сипаттағы қылық танытқан көрінеді. Десе де мұны елдегі әріптестері жала деп, қарт мергенді қорғап қалуды сұрап отыр.                

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 956
Фото - Caravan.kz

Үндістанның ең танымал арналары бір-бірімен жарыса қазақстандық жаттықтырушы туралы айтып жатыр. 63 жастағы Станислав Лапидус 6 қызды зорламақ болған дейді жергілікті журналистер. 

Үнді жерінен жеткен тосын хабарды біздің жаттықтырушылар да естіп, есеңгіреп қалған. Десе де ешқайсының сенгісі жоқ.

Татьяна Табакаева, Мылтық ату федерациясының атқарушы директоры:

— Станислав Лапидус өз спортшысына қол жүгіртті деп естігенде есімізден танып қала жаздадық. Мүмкін емес! Ол өт талапшыл маман. Үнді қыздары жала жауып отыр. Мүмкін, әлдебіреулер сол арқылы спортшымыздың аяғынан шалғысы келген болар.   

Мылтық атудан аға жаттықтырушы Юрий Мельсеитов жаттығу кезінде спортшылардың тұла бойын ұстау заңдылық дейді. Әсіресе, нысананы жатып көздегенде жаттықтырушы еріксіз мергеннің үстіне де шығады екен.  

Юрий Мельсеитов, аға жаттықтырушы:

—  Здесь сексуальных потойных мыслей вообще нету, спорт есть спорт! Здесь надо показать положение.

Қазақстан құрамасын дайындаушы жаттықтырушылардың айтуынша, спортшы қыз болсын, ұл болсын жатып ататын кезде дәл осылай екі аяғын екі жақа қойдырып, иығынан, қолынан, белінен ұстап, тіпті кеудесіне де қолы тиіп кетуі мүмкін екен. Әрине, ешқандай арам ой жоқ мұнда, бұл тек қана спорттағы қарапайым ережелер дейді қазақстандық жаттықтырушының осындағы әріптестері.

Десе де Үндістан ұлттық құрамасының спортшы қыздары айтқан сөзінен танбай отыр. Сексуалдық әрекет жасады деп отандасымыздың үстінен бірінші боп 45 жастағы Анджали Бхагват шағымданған. Артынша тағы 5 қыз арыз жазыпты. Басы бәлеге қалған бапкер өз-өзін барынша ақтап отыр.   


Станислав Лапидус:

— Бұл барып тұрған жала. Үндістан Ұлттық құрамасы да мені қолдап отыр. Алда бізді Әлем Чемпионаты күтіп тұр. Соны жеңіп шығуды мақсат еттім. Ал бұл қыздар мені жарты жолдан сүріндірмек.

Отандасымызбен байланысқа сол күйі шыға алмадық. Алматыдағы әріптестері де бірнеше күннен бері қоңырау шалып, ала алмай отыр екен. Ал еліміздің Сырты істер министрлігі жаттықтырушының жайынан хабардармыз, істің ақ-қарасын анықтамай, оны абақтыға жабуға жол бермейміз деп сендірді.   

Соңғы жаңалықтар