"Шетелден адамдар звандап жатыр": Автор Сары Алмасты кім өлтірткенін нақты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шетелден адамдар звандап жатыр": Автор Сары Алмасты кім өлтірткенін нақты айтты

"Шетелден адамдар звандап жатыр": Автор Сары Алмасты кім өлтірткенін нақты айтты

Орта Азияға танымал болып, атағынан ат үріккен Сары Алмасты өлтірткен кім? Бұл туралы Рыжий Алмаз" кітабының авторы айтып берді. 

  • 25 Мамыр 2022
  • 29069
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Рыжий Алмаз" кітабының авторы, кәсіпкер Бекжан Нәлібаев Сары Алмас жайлы айтып берді.  

Бекжан Нәлібаев осы кітап үшін, оқ тисе де қорықпайтынын кесіп айтты. Сары Алмас Алматы облысы, Бағанашылда жерленген. 

— Кітаптың шыққанына бір апта уақыт болды. Тез шығуына ат салысып жүрдім. Бұл кісіні мен қазақтың батыры деп есептеймін. Кітапты жазуды 2018 жылы бастадық. Алмаз ағамыз туралы деп айтатын болсақ, Тәуелсіздігімізді 90 жылдары алғаннан кейін, енді аяққа тұрып ес жиып жатқанда өзге елдер бізге көз сала бастады. Ағамыз ол кезде Алматыда кәсіппен айналысып жүрді. Сол кезде қалың ел арасынан суырылып шықты. Өзге қылмыстық топтар біздің кәсіпкерлерді тонады. Біздің байлығымызға көз салды. Сол кезде Алмаз ағаларымыз шыққан. Сонымен қатар, Несіпбай ағамыз, Сабыр Мүсілім ағамыз, Мейіржан ағаларымыз барлығы бірігіп, еліміздің абыройы үшін, жандарын тәуекелге тікті. Содан осы кітап 2018 жылдан бастап, 4 жыл жазылды. Сары Алмаз ағамызбен бірге жоғары атап өткен ағаларымыздың өмірбаяндары, қиын жолдардан қалай өткен жері туралы жазылды. Олардың бәрі бірге бауыр, дос болған. 

— Бұл кітапты командамен жаздық. Жалғыз менің емес, көптеген адамдардың еңбегі жатыр. Қырғызстанда, Москвада болдым. Қаражат жағына жауап бердім. Сонымен қоса материалдар жіберіп отырдым. Ютуб желісінде ағамыздың видеролигіне көп адамдар осы ағамыз туралы неге кино түсірілмейді, неге кітап жазылмайды деп сұраған. Содан бізде ой туындады. Негізі жазсақ деп, ниетті болып жүргенбіз. Кітап жақсы жазылса, оқырмандарға ұнап жатса, қорқатын ештеңе жоқ, дейді. 


Жазылған кітапты тексертуге 3-4 жерге берген. Олар басы мен аяғын қалдырып, ортасын қиып алып тастаған. Баспаханалар шығармаймыз деп, қайтарып отырған. Кітапты теруге бергенде, ертесіне уақытымыз болмай жатыр деп шығарудан бас тартқанын айтып берді. 

Кітаптың авторының айтуынша, Сары Алмас әлем бойынша "Дисней Ленд" салуды жоспарлаған. Оның бір ұлы бар. Бірақ, қайда екенінен ешкімнің хабары жоқ. 

Бекжан Нәлібаев келешекте кино шығаруды да жоспарында барын айтты. 

 

Соңғы жаңалықтар