Шетелдерде маман дайындау жөніндегі комиссия президенттік "Болашақ" стипендиясының иегерлерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдерде маман дайындау жөніндегі комиссия президенттік "Болашақ" стипендиясының иегерлерін анықтады

Шетелдерде маман дайындау жөніндегі комиссия президенттік "Болашақ" стипендиясының иегерлерін анықтады

Шетелдерде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссия бүгін, 20-тамызда мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімовтың төрағалығымен өткен отырысы барысында 2005-2006 оқу жылында шетелдерде білім алатын президенттік "Болашақ" стипендиясының иегерлерін анықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2004
  • 519
Фото - Caravan.kz

ҚР білім және ғылым министрлігіне шәкіртақыдан үміткерлерден 385 өтініш келіп түскен. Алғашқы іріктеу барысында сарапшы комиссияның шешімімен талапқа сай келмеуге байланысты 170 өтініш кері қайтарылды. Екінші іріктеу кезеңіне өткен 215 үміткер шетелдік сарапшылардың қатысуымен шет тілі білімінен тестілеу шарасынан өтті. Үміткерлер сондай-ақ, бұл сатыда Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика негіздері мен таңдаған мамандығы бойынша профильдік пәннен кешенді тест тапсырды.

Бүгінгі кеңес барысында комиссия президенттік шәкіртақыдан үміткер 63 адамның өтінішін қанағаттандырды. Қазақстандық студенттер Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Италия, Испания және Ресей жоғары оқу орындарында оқитын болады. Олардың арасынан 49 адам магистр, 14 адам докторлық бағдарлама бойынша оқудан өтеді. Сондай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарына өз күшімен түскен бес студентке шәкіртақы тағайындалды.
Комиссия сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының түлектері жұмысқа орналаса алатын халықаралық ұйымдардың тізімін бекітті.

Перейти к новостям спорта