Шетелдік БАҚ: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде»
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған бірқатар материалдарды жариялады. |
Айта кетейік, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсанда «Астана-Опера» опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздік күніне орай өтті.
«Мир» МТРК «Қазақстанның басшысы 2025 жылға қарай қазақ әліпбиі латын қарпіне ауыстыру қажеттігін» мәлімдегенін атап өткен. Мұнымен қатар Президент орыс тілінің маңыздығына тоқталды.
Қазақ әліпбиі латын қарпіне ауыстырылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты өзінің Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
«Қазірден бастап 2025 жылға қарай қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру бойынша дайындық жұмыстарын бастау қажет,-деді Мемлекет басшысы. Оның пікірінше, «бұл қазақ тілін дамытып қана қоймай, сондай-ақ оны заманауи ақпараттың тіліне ауыстыруға септігін тигізеді».
«Президент 12 жылдан соң қазақ тілі республикада адамдардың негізгі қарым-қатынас тілі болатынына сенімді», деп хабарлады «Интерфакс».
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. 2025 жылға қарай қазақ тілі басымдыққа ие болып, өмірдің барлық салаларында қолданылатын және өзара қарым-қатынастағы негізгі тіл болады», - деді Мемлекет басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін