Шетелдік бейресми ұйымдардың еліміздегі саяси өмірге араласпауын үкімет жіті қадағалайтын болады -Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік бейресми ұйымдардың еліміздегі саяси өмірге араласпауын үкімет жіті қадағалайтын болады -Назарбаев

Шетелдік бейресми ұйымдардың еліміздегі саяси өмірге араласпауын үкімет жіті қадағалайтын болады -Назарбаев

"Республика үкіметі мен парламент шетелдік және отандық бейресми ұйымдардың ел Конституциясы мен заңдарына бағыну жағдайын жіті қадағалайтын болады",- деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 12-қыркүйекте Астанада екінші Азаматтық форумда сөйлеген сөзінде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2005
  • 682
Фото - Caravan.kz



«Еліміздің заңдарына сәйкес, шетелдік ұйымдар, компаниялар мен қоғамдық бірлестіктер еліміздің ішкі саяси өміріне араласуға тиіс емес екенін, әсіресе сайлау кезеңінде саяси партияларды қаржыландыруға тиіс емес екенін, акциялардың 20 процентінен өзге, БАҚ-тарды иемденуге тиіс емес екенін білуге тиіспіз»,- деді мемлекет басшысы. «Біз үкіметтік емес ұйымдардың Конституция мен ел заңдарының шеңберінде еркін жұмыс істеуін қолдаймыз дегенді тағы бір ескертемін»,- деді Н.Назарбаев.
Парламент қабылдап, Конституцияылқ кеңес республика Ата заңына сәйкес емес деп тапқан «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» заңға түсініктеме берген Елбасы былай деді: «депутаттардың осындай заң қабылдауды басым дауыспен қолдауы тегін емес. Олар көршілес елдерде болған қатерлі ағымнан сабақ алды. Бұл елдерде жұмыс істейтін шетелдік бейресми ұйымдар арсыздықпен ақша аударып, қоғамда тұрақсыздықтың белең алуына түрткі болғаны белгілі. Мұндай құбылысқа төтеп беруге мемлекет қауқарсыз болып шықты. Қазір осы елдерде не болып жатқанын сіздер жақсы білесіздер»,- деді Н.Назарбаев форумға қатысушыларға арнаған сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта