Ішкі істер министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша көлік заңдастырылғанын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Бүгінде 28 мың қазақстандыққа көлігін заңдастыруға рұқсат берілді. 5,5 көлік иесі құжаттары мен нөмірлерін алды", — деді ІІМ өкілдері брифингте.
Еске салайық, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру басталған болатын.
Көлікті заңдастыруға өтініш беру:
- e-gov.kz электрон үкімет порталы арқылы;
- екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы;
- халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) жүргізіледі.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.