Шетелдік компанияларға Қазақстан туын ілу заңмен міндеттелмек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік компанияларға Қазақстан туын ілу заңмен міндеттелмек

Шетелдік компанияларға Қазақстан туын ілу заңмен міндеттелмек

«Мемлекеттік рәміздер» туралы заңға осындай өзгеріс енгізілгелі жатыр. Бірақ бүгін құжатты Сенатқа әкелген Мәдениет вице-министрі Марат Әзілханов сынға ілікті.

  • 7 Қазан 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

Егер заңға енгізілетін түзету қабылданса, шетелдік компаниялар кеңселерінің алдына қазақ байрағын желбіретіп іліп қоюы тиіс. Мәдениет министрлігінің есебінше, бұл Қазақстанға құрмет әрі патриотизм. Одан қалды мемлекеттік рәміздерімізді жарнамалаудың таптырмайтын жолы екен. Алайда, шенеуніктердің бастамасын сенаторлар жақтыра қоймады.

Ләззат Қиынов, Сенат депутаты:


«Қашаған», «Теңізшевройл», «Қарашығанақ» 5-6 шетел туын іліп қойды делік. Ал бұл патриотизмді қаншалықты көтереді? Оның үстіне көк байрағымызды кеңсесіне ілмейтін компаниялардың атын атаңызшы деп едім, ондай жәйт болған емес дедіңіз. Талапты орындап жатса, бұл өзгерістің мәні жоқ сияқты.

Соңғы жаңалықтар