Шетелдік мамандарды біртіндеп алмастыру үшін Қазақстандық мамандарды дайындай беру керек - Сапарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік мамандарды біртіндеп алмастыру үшін Қазақстандық мамандарды дайындай беру керек - Сапарбаев

Шетелдік мамандарды біртіндеп алмастыру үшін Қазақстандық мамандарды дайындай беру керек - Сапарбаев

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдік мамандарды біртіндеп алмастыру үшін Қазақстандық мамандарды дайындай беру керек. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Тамыз 2008
  • 561
Фото - Caravan.kz

«Шетелдік мамандарды біртіндеп алмастыру үшін Қазақстандық мамандарды дайындауға басым назар аудару керек», — деді Б. Сапарбаев.

Оның айтуынша, «өкінішке орай, шетелдік жұмыс күші тартылатын 104 мамандық пен кәсіп түрлері еліміздегі бастауыш және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктемесінде (классификатор) ескерілмеген, тиісінше, осы мамандықтар бойынша мамандар дайындалмайды, бұл — кәсіптік білім беру бағдарламасына қажетті түзетулер енгізуді талап етеді», — деді министр.

«Білім беру жүйесіндегі өз әріптестеріме кәсіптік білім берудің сапасын басқарудың экономикалық әдістемелерін енгізуді ұсынғым келеді. Бұл білім беру мекемелерін түпкілікті нәтижесіне қарай қаржыландыру тәртібін енгізуді білдіреді», — деді Б. Сапарбаев.

«Бюджет қаржысын түлектері мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар құрамы бар жұмыс орындарында тұрақтап қалатын кәсіптік мектептер мен лицейлер ғана кепілді түрде алып отыруы керек», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар