Шетелдік мұнай өндірушілердің экологиямызға келтірген зияны бірнеше миллиард теңге! - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік мұнай өндірушілердің экологиямызға келтірген зияны  бірнеше миллиард теңге!

Шетелдік мұнай өндірушілердің экологиямызға келтірген зияны бірнеше миллиард теңге!

Шетелдік мұнай өндіруші алпауыттардың  пайдасынан зияны  көп болып тұр. Олар елімізде қара алтыннан қомақты пайда тапса да, қоршаған орта тазалығына атүсті қарайды. Қазірдің өзінде олардың табиғатқа келтірген шығын көлемі бірнеше миллиард теңгеге жеткен.

  • 25 Маусым 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz


Данияр ӘлиевҚР Мемлекеттік бас экологиялық инспекторы:

Былтыр«Теңізшевройл» компаниясына 1,52 млрд теңгегедейін айыппұл салынған,оның көбісі өндірілген. Қалғандары қазір сот орындарында қарастырылуда. Онымен қоса «Қарашығанақ-Петролеум» компаниясы да  заңбұзушылыққа жол берген. Оларға 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған. 

Шетелдік мұнай компанияларының келтіріп отырған зияны туралы бүгін Астанада арнайы жиын өтті. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Бас прокуратура мамандары бірлесіп қарсы тұрғанмен, оларды тәртіпке шақыру әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені ведмство басшыларының өздері де ірі мұнай компанияларының заңды белден басып, тәртіпке бағынулары қиын дейді. Қазір еліміздегі мұнай қоры бірнеше ондаған жылға жетеді. Оның үстіне әрбір ірі кеніштердегі мұнай қоры 10 миллиард баррельге дейін жетеді депесептелінген. Осыған орай алдағы уақытта шетелдік ірі мұнай компанияларына экологиялық талапты күшейту үшін министрлік арнайы заң жобасын әзірлеуді қолға алып отыр. 

Соңғы жаңалықтар