Шетелдік қыздар неліктен қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік қыздар неліктен қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққысы келеді

Шетелдік қыздар неліктен қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққысы келеді

Қазнетте шетелдіктерге тұрмысқа шығып, елден кеткен қазақ қыздары жайлы көптеген оқиғаларды оқуға болады. Әрине, көпшілікке аралас неке ұнамайды. Оқырмандар бұл онсыз да саны аз ұлттың жойлуына әкеп соғады деп пайымдайды.

  • 26 Ақпан 2018
  • 918
Фото - Caravan.kz

Ал қазақ жігеттері жайлы не айтуға болады. БАҚ беттерінде бірнеше мәрте өз азаматтарымыздың шетелдік келін түсіргені жайлы жазылды.

Олардың көпшілігі қазір тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Caravan.kz медиа-порталы отандастырымыздың шетелдік қыздарға үйленген оқиғаларды еске түсіріп көрді.

Марат Бисенғалиев – екі мәрте шетелдік қызға үйленген

Белгілі қазақ скрипкашысы тілшілерге сан мәрте Ұлыбританияға өзінің ағылшын әйелінің арқасында көшіп барғанын айтты.

Бірақ жеті жыл бірген тұрған соң олар ажырасып тынды. Қазір Бисенғалиев жартылай француз, жартылай грек қызына үйленген.

Опера әншісі және жапондық балерина

«Астана-Опера» театрында өнер көрсететін жапондық қыз Серине Цунгаева опера әншісі Сүндет Байғожинге тұрмысқа шыққан. Бірден екі той болыпты.Жапонияда жастар жергілікті салт бойынша кимоно киіп үйленеген. Ал Қазақстанда шариғат бойынша мешітте неке қиғызады. Бірақ уақыт өте олардың некесі бұзылды. Қазірдің араларында Сәния есімді қыздары бар.

Қазақстандық Малазия премьер-министрінің қызына үйленді

Отандасымыз Данияр Кесікбаев Малазия премьер-министрінің қызы Наджиба Разака Нуриане Наджемен отау құрды.Олар АҚШ-тағы оқып жүрен кезде танысқан. Үйлену салтанаты Премьер-министрдің ресми резиденциясында өтті.

Блогер Ержан Рашев және италиялық келін

Рашев Италия азаматы Джулиане Краузоға үйленген. Блогердің айтуынша, олар 2011 жылдан бері отбасылы. Үйлену тойы Стамбулда өткен. БАҚ бетерінде Рашев қазақ қыздарының өте сұру екенін, бірақ қызу қандылық пен құштарлық жетіспейді деген еді.

Қазақ және жапондық бәйбіше

Кәсіпкер әрі блогер Әли Әбдіғали 10 жыл бұрын жапон қызы Айкомен отбасы құрған. Олардың екі баласы бар.

Ол өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында келіншегін «бәйбіше» деп еркелетеді.Бұған қоса Жапониядағы қызықты оқиғалармен бөліседі.

Ол сұхбаттарында алғашында Жапонияда өмір сүру, бейімделу қиын болғанын жазады.Айко қанша көмектессе де кері кетіп қалғысы келген.

Қазақ жігіт және мексикалық ару

Қазақстандық Әділ Сқақов түбі испандық мексикалық қыз Марии Фернандпен жұптасқан.

Олар Канадада бірге оқып жүрген кезде танысқан. Жастардың студенттік байланысы үлкен махаббатқа ұласыпты. Оқуын тәмамдап Мексикаға оралған Марии ақыры шыдамай Канадада қалған Әділге қайтып оралған.

Кейін Барселонадағы ата-анасымен танысып, сол жерде жұмыс істеп қалады. Әкесі екі елде де той жасады.

Америкалдық қыз қазақ жігітінің қолынан ұстады

Қазақ-америкалық отбасы Джулии Маклей мен Қаулан Құсайынхан Флоридада тұрады. Астанада өткен ЭКСПО- 2017 көрмесінде олар валантерлық қызмет атқарды. Жұбайының тарихи отаны Джулидің тағдырын өзгертті. Алты жыл бұрын америкалық бойжеткен қазақ жеріна алғыш рет келді. Ал төрт жылдан соң Қауланды кезіктірді.