Моңғолиялық kaznews.mn порталында осындай мазмұнда апта соңында шағын мақала жарияланды, деп хабарлайды Қаз Ақпарат. Бұл хабар Баян-Өлгий аймағында 30 қыркүйекте өткен дәстүрлі бүркітшілер фестивалі турасында болған. Жазбаның әуелгі авторы сол бүркітшілер тойына келген шетелдік турист екен. Ол өзіне аңшылардың киімдері мен бүркіттері ұнағанымен, бұл жолғы бүркітшілердің тойында болған кейбір жағдайлардың көңіліне жақпағандығын білдірген.
«Қыркүйектің 30 күні ұйымдастырылған Бүркітшілер тойында алған әсерімен шетелдік блогер Лиза өзінің lisa.vanderzweep.be блогында бөлісті. Бұл жөніндегі ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшамызға Megan Fitz-James хабарлады» деп басталады мақала.
Шетелдік турист блогер Лиза бүркітшілер тойында алған әсерін былай деп қалдырады: «…Фествальдің бірінші күні жарысқа қатысушылар тіркеліп, алғашқы жарыстар басталады. Ең әуелі аңшылар бүркіттерін жіберуге арналған жерге барды. Бүркітімен тауға көтеріліп, уақыты келген кезде төмен қарай босатты. Бізге бұл қиын жұмыс болып көрінді» дейді автор.
Лиза есімді блогерге сол күні өткен саятшылықтан өзге «түйе жарысы», «қыз қуу», «теңге ілу» сияқты бізге ең қызықты саналатын ұлттық ойындар ұнамай қалған сыңайлы.
«Күннің қалған бөлігінде түйе жарысы өтті. Бұл туристер үшін түсініксіз іс-шара болды. «Теңге ілу» және «қыз қуу» болды. Біз не болып жатқанын әрдайым біле бермесекте, амалсыздан соның бәрін тамашалап жүруді жөн көрдік…» деп жазады блогер. kaznews.mn порталы аталған ақпараттың соңында бұл бүркітшілер тойының жағымды жақтарын жазған тағы шетелдік блогердің мақаласымен бөліскен. Алайда оны аудармастан тек сілтемесін берген. Ол мақала ағылшын тілінде жазылыпты.
Сондай-ақ «Megan Fitz-James тағы бір блогердің бүркітшілер фестивалінің жақсы тұстарын дәріптеген мақаласымен бөлісті. Мақаланы оқу үшін сілемеге басыңыз»https://wanderlustofdill.com/2017/10/27/the-golden-eagle-festival-western-mongolia/ деп түйіндеген.