Шетелдік валютадағы депозиттер үлесі 65,9%-ға дейін өсті - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік валютадағы депозиттер үлесі 65,9%-ға дейін өсті - ҚР Ұлттық банкі

Шетелдік валютадағы депозиттер үлесі 65,9%-ға дейін өсті - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында шетелдік валютадағы депозиттердің үлесі 55,5%-дан 65,9%-ға өсті,

  • 24 Қараша 2015
  • 426
Фото - Caravan.kz

салымдардың жалпы көлемі 4,6%-ға өсті, деді ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жалпы отырыс барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

«Биылғы 10 айда депозиттер 4,6%-ға өсті. Оған қоса, шетелдік валютадағы депозит үлесі 55,5%-дан 65,9%-ға өсті. Бұл ұлттық валютаның әлсіреуінен кейін болған қайта бағалау көрсеткіші», — деді ол.

Жалпы, ҰБ басшысының мәліметінше, банктердің несиелеу көлемі 12 трлн теңгені құрады. 

«Ұлттық банктің жалпы халықаралық қоры 2015 жылдың қазанында 28,7 млрд доллар көлемінде болды. Ұлттық қорды қоса алғанда, еліміздің халықаралық қор көлемі 92,5 млрд долларды құрайды», — деді Д.Ақышев.

Бұдан өзге, қаржы реттеушісінің мәліметінше, есептік кезеңде инфляция 8,2% құрады. Жылдық мәнде 9,4%. Қазан айында бағалардың өсуі қыркүйекпен салыстырғанда 5,2% құрады. Оған тамыз-қыркүйектегі теңгенің әлсіреуі әсер етті. Ұлттық банк инфляция 2015 жылдың соңына қарай жоспарланған 6-8% дәлізден асады деп болжап отыр. 


«2016 жылы инфляция деңгейі дәліз көрсеткішіне жақын болады деп күтудеміз. Валюта нарығындағы жағдай тұрақталды», — деді ол.

Д.Ақышев еске салып өткендей, Ұлттық банктің негізгі міндеті инфляциялық болжамдарды тұрақтандыру және көрсеткіштерді тез арада дәлізге қайтару болып табылады.

Соңғы жаңалықтар